Шымкент

Шымкент: Коммуналдық төлемге 12470 онлайн өтінім түскен

Электронды портал

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасы аясында құрылған «Сommunal-komek.kz» электронды порталына 12470 шымкенттік тұрғындардан  өтініш түскен.


Ал, порталда көрсетілген аудандар бойынша байланыс нөмірлеріне аталған көмек бойынша кеңес сұрап 243 тұрғын хабарласқан.

Айта кетейік, төлемді алу үшін тұтынушы «communal-komek.kz» электронды порталына кіріп, онда көрсетілген санатқа енетін азаматтың жеке сәйкестіндіру нөмірін теру қажет. Көмек алушының ЖСН-ін тексерген кейін портал рұқсат берген жағдайда ары қарай жалғастырып, қажетті мәліметтерді (әлеуметтік дәрежеңізді және дербес шот деректеріңізді) енгізесіз.

 Жауапты мамандар ұсынылған деректерді тексеріп, мәліметтер расталған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады.

Көмек көрсету сәуір және мамыр айларын қамтиды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі