COVID-19

Сингапур ғалымдары болжам жасады: Қазақстан індетті қашан жеңеді?

Пандемия әлемде 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін 100 процент аяқталуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сингапурдың Технологиялар және дизайн университеті мен Массачусетс Технологиялар институтының ғалымдары бірігіп, бірнеше елдегі, соның ішінде Қазақстандағы COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін болжады.

Naked Science мәліметінше, болжамдарды есептеу үшін математикалық SIR-моделі қолданылды. Ол науқастардың санын, белгілі бір уақытта вирусты жұқтырған адамдарды, сондай-ақ адамдар арасындағы байланыстың қарқындылығын ескереді.

Есептеулер бойынша Қазақстанда коронавирус пандемиясы сәуірдің соңында шарықтау шегінен өтті, деп хабарлады Хабар 24.

Науқастар саны 2 маусымда 97, 14 маусымда 99 процентке азаяды. Ал 28 шілдеде коронавирус инфекциясының таралуы тоқтауы мүмкін.

Сингапур ғалымдары пандемия әлем бойынша 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін 100 процент аяқталады деп болжап отыр. Дегенмен қандай болжам жасалса да сақтық шараларын ұстанып, індеттен абай болуға шақырады.

Зерттеушілердің пікірінше, жасалған барлық есептеуді зерттеу ретінде қабылдау керек және олар дәл келмеуі де мүмкін.

sputniknews.kz