COVID-19

Адамдардың 60-70%-ы ауырады: Індеттің екінші, үшінші толқыны болуы мүмкін

Ғалымдар тағы болжам жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Роберт Кох атындағы институт коронавирус пандемиясының екінші толқыны болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

Ұйым басшысы Лотар Вилердің сөзінше, вирус тұрғындардың 60-70 пайызы ауырып шықпайынша тоқтамауы мүмкін.

"Бізге екінші толқыны болатыны белгілі", - дейді ол.

Сондай-ақ ол кейбір ғалымдар әлі үшінші толқыны болуы мүмкін екенін айтқанын хабарлады. Вилердің сөзінше, арақашықтықты сақтау күнделікті өмірде қалыпты әрекетке айналу керек.

Еске салайық, 6 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 3,7 миллионнан асып, 258 338 адам қайтыс болды. Сондай-ақ 1,2 миллионнан аса адам айығып шықты.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4298-ке жетіп, 1,2 мың адам айығып, 29 адам өлімі тіркелді.

tengrinews.kz