Шымкент

Шымкенттіктер мақтааралдықтарға киім-кешек пен қажетті заттар жіберді

Қайырымдылық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мақтааралдықтардың бүгінгі жай күйі  шымкенттік кәсіпкерлерді де бей-жәй қалдырмады. Жомарт жандар Мырзашөл өңіріне қажетті киім-кешек пен гигиеналық заттар жіберді. 

Атап айтсақ,  кәсіпкерлер  тарапынан 4000 адамға аяқ-қиім мен спорттық киімдер, одан бөлек 200 дана жейде мен 150 дана әйелдерге арналған көйлек, шалбарлар жөнелтілді.

"Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан Мақтаарал ауданына қиын сәтте қол үшін созып, төтенше жағдай зардаптарын жоюға бүкіл халық болып атсалысу – баршамыздың азаматтық міндетіміз. Көмек көрсету бұнымен тоқтап қалмай, әрі қарай да жалғасатын болады,» - дейді Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев .

Сонымен қатар, "Шымкент волонтерлар қауымдастығы" көмекке алғашқылардың бірі болып ат салысуда. Қазір аталған қауымдастық су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қажетті заттар, азық-түліктер мен балаларға ойыншықтар, төсек орындарын жеткізу үшін көмектесуде.

Айта кетейік, Шымкенттік еріктілер қауымдастығы балаларға көңіл бөліп жазғы кампус ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Төтенше жағдайда зардап шеккен ата-аналардың күйзелісі балаларға әсер етпес үшін осындай істі қолға алуды жөн деп тапқан. Олардың мақсаты – оқушыларың мектеп бағдарламасы бойынша қосымша сүйемелдеу сабақтарын өтіп, түрлі шаралар арқылы демалыс уақытын тиімді өткізу.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі