Қытайда пайда болған: Адамзат тарихындағы 10 эпидемия туралы не білеміз? - на bugin.kz
Ақмарал Берекет - на bugin.kz Ақмарал Берекет

Соңғы жылдардағы вирустың әлемге таралу кестесі

Соңғы 100 жылдағы эпидемияның хронологиялық кестесі. 10 вирустың жетеуі Қытайда пайда болған. Одан бөлек Сауд Арабиясы, Гвинея, АҚШ – эпидемияның ошағы болған деген деректер бар.

1. Испаниялық тұмау (H1N1)

Болған уақыты: 1918-1920 жж.

Шыққан жері: АҚШ немесе Қытай

Жұқтырғандар: 550 000 000 адам

Қайтыс болғандар: 17-100 млн. адам

Қауіп төнді: 20-40 жас аралығындағы адамдарға

Таралуы: Барлық мемлекетке (Бразилиядағы Маражо аралынан басқа)

Вакцинаны ойлап табу уақыты: белгісіз

Бұл – адамзат тарихындағы ең кең таралған пандемия. Адамдардың 29,5%-ы осы вирусты жұқтырды. Эпидемия Бірінші дүниежізілік соғыстың соңғы айында басталды. Эпидемияның пандемияға ұласуына: антисанитарлық, дұрыс тамақтанбау, адамдардың әскери лагерлерде тығыз орналасуы себеп болды.

2. Азиялық тұмау (H2N2)

Болған уақыты: 1957-1958 жж.

Шыққан жері: Қытай

Жұқтырғандар: 540 млн.–1.4 млрд. адам

Қайтыс болғандар: 2-4 млн. адам

Қауіп төнді: 65 жастан асқан адамдарға

Таралуы: Барлық әлемге

Вакцинаны ойлап табу уақыты: 24 ай

Пандемия әлемге тез таралып кетті. АҚШ-тың өзінде бұл пандемиядан 70 000-нан аса адам қайтыс болды.

3. Гонконгтық тұмау (H3N2)

Болған уақыты: 1968-1969 жж.

Шыққан жері: Қытай

Жұқтырғандар: 200 млн.–800 млн. адам

Қайтыс болғандар: 1-4 млн. адам

Қауіп төнді: 65 жастан асқан адамдарға

Таралуы: Барлық әлемге

Вакцинаны ойлап табу уақыты: белгісіз

H3N2 вирусы бүкіл әлемге тарады. Бұл пандемия кезінде 65 жастан асқан адамдар зардап шекті.

4. Орыс тұмауы (H1N1)

Болған уақыты: 1977-1978 жж.

Шыққан жері: Қытай

Жұқтырғандар: белгісіз

Қайтыс болғандар: 300 000 адам

Қауіп төнді: 25 жасқа дейінгі адамдарға

Таралуы: белгісіз

Вакцинаны ойлап табу уақыты: белгісіз

Пандемия КСРО-да басталды. Бұл вирус балалар мен 25 жасқа дейінгі адамдарға жұқты.

5. Атипиялық пневмония (SARS-CoV)

Болған уақыты: 2002-2003 жж.

Шыққан жері: Қытай

Жұқтырғандар: 8 096 адам

Қайтыс болғандар: 774 адам

Қауіп төнді: 50 жастан асқан адамдарға

Таралуы: 32 мемлекетке

Вакцинаны ойлап табу уақыты: әлі күнге дейін вакцина жоқ

Індет 2 айдың ішінде Гонконг, Вьетнам елдеріне тарап үлгерді. Ал ақпан айының соңына қарай басқа да мемлекеттерге тарады.

6. Құс тұмауы (H5N1/H7N9)

Болған уақыты: 2003-2005 жж.

Шыққан жері: Қытай

Жұқтырғандар: 861/1568 адам

Қайтыс болғандар: 455/615 адам

Қауіп төнді: барлық адамға

Таралуы: 17/3 мемлекетке

Вакцинаны ойлап табу уақыты: 72 ай/156 ай

Бұл - құстар ауыратын вирустың бір түрі. Ол адамға құстың етін жегенде жұғады. Аталмыш вирус Еуропа мен Африкаға, содан кейін ғана Азияға тарады.

7. Шошқа тұмауы (H1N1)

Болған уақыты: 2008-2010 жж.

Шыққан жері: Қытай

Жұқтырғандар: белгісіз

Қайтыс болғандар: 284 000-575 000 адам

Қауіп төнді: 25-45 жас аралығындағы адамдарға

Таралуы: Барлық әлемге

Вакцинаны ойлап табу уақыты: 12 ай

Құс тұмауынан кейін шошқа тұмауы пандемияға ұласты.

8. MERS-CoV

Болған уақыты: 2012-2015 жж.

Шыққан жері: Сауд Арабиясы

Жұқтырғандар: 2 535 адам

Қайтыс болғандар: 921 адам

Қауіп төнді: 50 жастан асқан адамдарға

Таралуы: 27 мемлекетке

Вакцинаны ойлап табу уақыты: әлі күнге дейін вакцина жоқ

Бұл вирус Сауд Арабиясында пайда болып, Франция, Германия, Италия, Тунис, Ұлыбритания мемлекеттеріне таралып үлгерді.

9. EBOLA

Болған уақыты: 2013-2015 жж.

Шыққан жері: Гвинея

Жұқтырғандар: 28 640 адам

Қайтыс болғандар: 11 315 адам

Қауіп төнді: барлық адамға

Таралуы: 6 мемлекетке

Вакцинаны ойлап табу уақыты: 17 ай

Бұл ауру әлі күнге дейін толығымен зерттелген жоқ. Адамнан адамға қан, тері талшықтары арқылы жұғады. Сонымен қатар вирус шаң немесе лас материалдан таралады.

10. Коронавирус (COVID-19)

Болған уақыты: 2019-... жж.

Шыққан жері: Қытай

Жұқтырғандар: күн сайын өзгереді

Қайтыс болғандар: күн сайын өзгереді

Қауіп төнді: 60 жастан асқан адамдарға

Таралуы: 214 мемлекеттің 204-іне  

Вакцинаны ойлап табу уақыты: дайындалып жатыр

11 мамыр күнгі статистика бойынша әлемде 4 103 136 адам коронавирусты жұқтырды. Олардың 1.5 миллионы емделіп шықса, 290 000 адам қайтыс болды.

Коронавирус адамнан адамға ауа-тамшы арқылы беріледі. Яғни түшкіргенде және жөтелгенде.

0 Пікір Кіру