COVID-19

Төтенше жағдай режимі аяқталды - Тоқаев

Карантиндік шектеулер біртіндеп алынады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, 11 мамырда ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтты. Оны Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», – деді Президент.