Bugin

Жанбағыс пен дағдарыс

Ел экономикасының әл-ауқаты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Талай адамға ажал құштырған COVID-19 вирусы әлем экономикасына да әсер етті. Жаһандық экономика күтпеген жерден соққы алды. Кәсіпорындар жабылды, жұмыссыздық орын алды, қара алттынның қарбаласы тағы бар… 

Ғалам тығырыққа тіреліп,құзар шыңннан құлайтындай күй кешіп тұр. Бұқара мен қара халықтың жалғыз-ақ сұрағы-«дағдарыс жойыла ма,жалғаса ма?» дейтін алаңдаулы ойлар болды. Кеше ғана билік экономика «өсті» дегенде, сарапшылар сенбейтінің айқын жеткізді. Ал бүгінгі ахуал тіптен мәз емес.

Алғаш қауіпсіздік шаралары қолға алынып, қалаларға карантин шаралары жарияланғанда халық абыр-сабыр күй кешті.Пойыздар тоқтатылып,әуе ұшақтары жабылғанда бәрі төрт қабырғаға қамалды да қалды. Кәсібін-нәсіп қылып,адал ризығың тауып жатқан кәсіпкерлер шығынға ұшырады. Қазақстандағы ішкі сауда-саттық көлемі 40%-ға қысқарды. Енді міне әуежайлар ашылды дегенде қалың халықтың қалтасы көтермейтіндей билет бағалары қымбаттады. Әуе компанияларына да оңай тимеді. Себебі олар да жыл соңына дейін 300 млрд теңгеге дейін шығынға ұшырауы мүмкін деген ақпарат айтылды.

 Ғалымдар экономикалық дағдарыс күзге таман аяқталуы мүмкін деп ашық айтты. Ал қазір құлдырап кетудің қаупінде тұрғанымыз жасырын емес. Короновирустың кең етек алып таралуы қара алтынға деген сұранысты азайтты. Бұл жағдай алып ауқымды компанияларға әсер етпей қоймайды. Еліміз де өнім өндіру төмендегендіктен, сұраныс та азайады. Әлем экономикасында болып жатырған қақтығыс Қазақстанға да әсер етері сөзсіз. Мәселен, АҚШ пен Қытай қақтығысы - үлкен шиеленіс тудырды. Сұраныстағы негізгі өнімдер осы екі елде өндірілетіндіктен еліміз де біраз ауыртпашылықты кешері анық. Алғаш індет ошағы болған Қытайдың да біраз шығынға ұшырағаны айтылды.Бұл бір ғана Қытайға емес,әлем экономикасына әсер етеді.

Індет таралған сайын бұл мәселелер де шиелінісе бермек. Экономика құлдыраса құрбан болар-халық,зардап шегетін де-халық. Елімізде шағын өнеркәсіпті қолдауға жасалып жатырған істер арқылы халық бір тілім нанына тиын тауып жүр. Бір кездері «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» аман өткен қазағым,дәл осы сәтте де күйремеуі тиіс. Сан жылдар аштықтың азабын тартқан, тоқырау жылдарынан талай өткен ұлтымыз қажырлы рухын жоғалтпаса,ел аман болары анық. Шенеуніктер жанбағыс деп қара бастың қамын ойламай, қалың қазақтың бағына алаңдаса апаттан аман шығарымыз хақ.

«Жыртық үйдің де құдайы бар» демекші,басымызға төнген сынақ уақытша екені айқын. Жігеріміз мұқалмай,қиын сәттерде бірімізге демеу болсақ бәрі жақсы болар. Қанша жерден шығынға батсақ та,дүрбелең туғызбай, жақсылық күтсек арты жаман болмасы анық. Біз алғаш рет экономикалық шығынға ұшырайын деп тұрған жоқпыз. Осы кезге дейін небір сәттерді басымыздан кешіргенбіз. Сондай сәттерде де рухымызды жоғалтпай, экономикамызды қайта қалпына келтіргенбіз.

Бүгінгі таңда осы мақсатта көптеген жоспарлар қолға алынып жатыр. Демек, бірлігіміз мығым болса кез-келген шығынды ел болып көтеріп, жоярымыз белгілі. Бастысы, бас амандығын тілейік!