COVID-19

Жапониядан коронавирусқа қарсы жаңа дәрі-дәрмек келді - СІМ

Жапониядан гуманитарлық көмек келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапония Үкіметі гуманитарлық көмек ретінде ұсынған 12,200 таблеткадан тұратын препараттар 2020 жылғы 14 мамырда Алматы қаласына жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Бұл - түрлі коронавирусты емдеу үшін қолданылатын жаңа дәрі-дәрмектер. Гуманитарлық көмек «Scat» әуе компаниясының арнайы рейсімен жеткізіліп, медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-ға табыс етілді»,- делінген хабарламада.

Осы орайда, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Жапония Үкіметіне екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік рухына сай келетін достық ықыласы үшін алғыс білдірді.

Азаттық рухы