COVID-19

6440 адам: Қазақстанға коронавирус Ресейден көп келіп жатыр

Коронавирус Ресейден келіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандықтардың көбісі індетті Ресейден жұқтырып жатыр. Сонымен қатар Өзбекстан мен Қырғыз Республикасынан да жұқтырып келген азаматтар табылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі комитет төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты.

Тимур Сұлтанғазиев еске салып өткендей, қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырған 6440 адам тіркеліп отыр. Оның ішінде, 3256 адам жазылып шықса, 3150 науқас әлі емделіп жатыр.

«Өткен тәулікте еліміз бойынша коронавирус жұқтырған 283 адам тіркелді. Өсім 4,6 пайыз. Осының ішінде, 187 адамның науқас екені белсенді түрде жасалған скрининг аясында анықталды. 69 адам алдында ауырған адамдармен байланыста болған. 18 адам өзін жайсыз сезінген соң, жедел жәрдем шақырған немесе ауруханаға өзі келген. Өткен тәулікте коронавирус екі облыста, атап айтсақ, Ақтөбе облысы мен Шығыс Қазақстан облысында мүлде анықталған жоқ», - деп хабарлады комитет төрағасы.

Жалпы 11-17 мамыр аралығында Қазақстанда 1350 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Вирустың көбеюі 2-5 пайыз аралығында болған.

«Осы 1350 адамның 80 пайызын алдын алу скрининг аясында анықтадық, 17 пайызы – өздері келіп қаралған. Ал 4 пайызы шетелден келген азаматтардан табылды. Көбі Ресей Федерациясынан келіп жатыр. Өзбекстан мен Қырғыз Республикасынан келгендер арасынан да вирус табылып жатыр», - дейді Тимур Сұлтанғазиев.

Азаттық рухы