Қоғам

Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша атқарылатын жұмыстар

Профилактикалық жұмыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жылдың наурыз-қараша айлары аралығында «Қазақстан Республикасындағы Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қоры «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» гранты аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау жұмыстарын жүргізеді. 

Бұл  әлеуметтік жоба  ҚР «Ақпарат және қоғамдық даму» министрлігінің, Дін істері комитеті қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ  мемлекеттік грантының аясында жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу

Жобаның міндеттері:

1) Еліміздің 17 өңірінде дін мәселелері жөнінде өңірлік АТТ мүшелері үшін көшпелі оқыту курстары ұйымдастырылып, атаулы жұмысты өткізу бойынша инновациялық әдістер қолданылады.

2) атаулы топтарымен жұмыс істеу үшін дін мәселелері жөніндегі өңірлік АТТ мүшелері үшін типтік дәрістер материалдар жинағы мен оқыту үшін әдістемелік база жасалынады.

3) әрбір атаулы топтың ерекшеліктерін ескере отырып, шешендік шеберлік пен көпшілік алдында сөз сөйлеу бойынша өңірлік АТТ мүшелері үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.

4) Дін мәселелері бойынша өңірлік АТТ мүшелері үшін дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша дәрістік бейнематериалдар дайындалады.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс түрлері арқылы хабарласуға болады: +7 701 715 01 96 немесе bkm25@mail.ru.

Сонымен қатар біздің ресми сайтымызда www.antiterr.kz және #qogamgov, #cisc2020 хэштегі арқылы.