COVID-19

Біз вакцинаны алғаш болып әзірлейміз - Трамп

Дональд Трамп та, Ақ үйдің айналасындағылар да коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаш болып әзірлеуден үмітті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайен АҚШ-тың басқа елдерді басып озып, коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаш болып әзірлей алатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол CBS телеарнасына хабарлады.

Менің ойымша, біз вакцинаны алғаш болып әзірлейміз. Біз вакцинаны да, емдеуге арналған препараттарды да тез әзірлеп жатырмыз, деген ойдамын. Америка халқы бұл препараттарға қол жеткізеді, - деді О'Брайен.

Оның айтуынша, Трамп вакцина әзірлеуде табысқа жеткен жағдайда оны бүкіл әлеммен бөлісуге уәде берген.

АҚШ президентінің кеңесшісі Қытай әзірлемелерге қатысты мәліметтерді ұрлауға тырысатынын жоққа шығармады. Бұған дейін АҚШ әкімшілігі Қытай хакерлерінің мұндай әрекеттері туралы хабарлаған болатын.

Дональд Трамп елдің Денсаулық сақтау және Әлеуметтік қызмет министрлігіне коронавируспен күрес бойынша дәрі-дәрмек әзірлеу үшін 100 мың доллар аударған. Бұл оның осы жылдың бірінші тоқсанындағы тұтас жалақысы.

Сонымен қатар АҚШ COVID-19 коронавирусына қарсы вакцина әзірлеу мақсатында "AstraZeneca" фармацевтикалық компаниясына 1,2 млрд доллар бөлген.

baq.kz