Білім және ғылым

«Біргеміз: Біліммен» білім көкжиегіне

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл – Еріктілер жылы деп жарияланған болатын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еріктілер жылы аясында елімізде «Birgemiz» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Еліміздің барлық өңірін қамтыған бұл жоба төмендегі бағыттардан тұрады:

•         «Birgemiz: Saýlyq»

•         «Birgemiz: Taza  Álem»

•         «Birgemiz: Qamqor»

•         «Birgemiz: Úmit»

•         «Birgemiz»: Sabaqtastyq»

•         «Birgemiz»: Asyl mura»

•         «Birgemiz: Bilim»

Жобаның «Birgemiz: Bilim» бағытын жүзеге асырушы мекемелердің бірі – «А.Байтұрсынұлы Білім академиясы» мекемесі. Академия Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан облыстарында түрлі іс-шараларды ұйымдастыруда.

Жоба мақсаты– ауылдық жерлердегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына волонтер-оқытушылардың білім беру қызметтерін ұсынуға көмек көрсету.

Жоба бағыттары:

•         Құқықтық сауаттылық

•         Компьютерлік сауаттылық

•         ҰБТ-ға дайындық

•         Ағылшын тілін үйрету

•         Пәндік олимпиадаға дайындық

•         Ғылыми жобаға дайындық

Жалпы, жоба аясында атқарылатын жұмыстарға барлығы 100 волонтер жұмылдырылады, сондай-ақ ауылдық жерлерде тұратын 1000 оқушыға волонтерлік қызмет көрсетілетін болады.                                                 

Мамыр айының 12-20 аралығында жобаның құқықтық сауаттылық бағыты бойынша Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Темір аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарында, Түркістан облысының Созақ, Сайрам, Келес, Мақтаарал аудандарында тұратын оқушыларға семинар ұйымдастырылды. Семинарға әлеуметтік топқа (көпбалалы, асыраушысынан айрылған, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған) жататын 900 оқушы қатысты.                    

Құқықтық сауаттылық семинарында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жне инжиниринг университеті, Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік универсиеті, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеттерінің оқытушылары, магистранттары мен студенттері волонтерлік қызмет көрсетті. Семинар барысында оқушыларға «Баланың құқықтары мен міндеттері», «Бала және қоғам», «Бала және отбасы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары мен міндеттері» және «Тұрмыстық қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында презентация жасалынды. Сондай-ақ оқушылар сала мамандарына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, мамандарын кеңесін тыңдады.