Білім және ғылым

Жаңа оқу жылы: Карантинге байланысты қандай өзгеріс болды?

Карантинге байланысты қандай өзгеріс болғаны хабарланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1-сыныпқа құжат қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Министрліктің айтуынша, елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады екен.

Айта кететін жайт, елімізде қатаң карантин шаралары 17 тамызға дейін жалғасады.

Құжат тапсыру бойынша қазірге дейін 350 мыңға жуық өтініш түсті. Оның басым көпшілігі egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қабылданды.

Ведомство мәліметінше, медициналық анықтамаларды алудағы қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.

Сонымен қатар министрлік білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылатынын айтты. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары жазбаша түрде осындай өтініш жасаған.