Қоғам

АҚШ Tik Tok-қа қарсы. Трамп неге қауіптеніп отыр?

Үндістан Қытаймен арадағы жанжалға байланысты Tik Tok видео желісін бұғаттап тастаған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Tik Tok әлеуметтік видео желісін бұғаттайтынын мәлімдеген. Алайда заң жүйесінде бұл жүзеге аса ма, жоқ па, белгісіз.

Өткен жұмадағы сұхбатында Трамп АҚШ аумағынан  Tik Tok-ты мүлдем алып тастайтынын, сенбі күні жарлыққа қол қоятынын айтқан еді. Бірақ мұнысы орындалмады.

АҚШ-тың қорғаныс қызметі қытайлық ByteDance компаниясы басқарып отырған желінің Америка азаматтарына тигізер кесірі көп деп қауіптеніп отыр.

Алайда Tik Tok-тың АҚШ нарығынан кететін түрі жоқ секілді. Tik Tok-тың Солтүстік Америкаға қарасты директоры Ванесса Паппас қосымшаның жеке тұлғаға зияны жоқ екенін айтып ақталды. Тіпті халықтан оны қорғап алуды сұрады.

Ал Трамп неге қауіптеніп отыр?

Үндістан Қытаймен арадағы жанжалға байланысты Tik Tok видео желісін бұғаттап тастаған. Бәріне белгілі, Трамптың да Қытаймен қарым-қатынасы түзу емес. Желінің халыққа зияны жоқ болғанының өзінде бар мәселе оны басқарып отырған Қытайда болып отыр. Ал әлеуметтік желі қолданушылары президенттің шешіміне қарсы шықты.

Tik Tok дегеніміз не?

Қытайлық ByteDance стартабы 2018-дің жазында видеожеліні іске қосты. Небәрі 2 жыл ішінде ол 150 елді жаулап, миллиардұа жуық қолданушы жинады. Көбісінің жасы 20өдан төмен.

Желіні қолданушылар фонограмма арқылы ән айтып, түрлі қимылдармен билеп, стенд-ап шоулар көрсетіп 15 секундтық видео түсіреді. Ол видеоларды бүкіл әлем көре алады.

Желіні қолданушылардың басым бөлігі АҚШ-та екен. Бұған дейін Үндістанда болған екен. Үндістан желіні бұғаттады. Сонымен қоса қытайлық қосымшалардың бәрін дерлік жойды десе де болады. Үндістанның бұл бастамасын Австралия да жалғамақ. Бұған дейін Австралия билігі Huawei қызметі мен қытайлық ZTE телекомын бұғаттаған.

АҚШ неге алаңдаулы?

Америкалық саясаткерлер мен дипломаттар Tik Tok арқылы Қытай билігіне ел ішіндегі бүкіл ақпарат өтіп кете ме деген қаупі барын ескертті. Америкалық қолданушылардың деректері көшірмелерімен бірге Сингапурдағы серверлерде сақталған.

 Tik Tok менеджменті өз қолданушыларына ашықтық принципін ұстанатындарын әрі өз алгоритмдеріне кіруге рұқсат ететіндерін мәлімдеген.

«Біз саясатпен айналыспаймыз. Жасырын дерек атымен жоқ, бәрі ашық түрде. Біздің мақсат – жанды тіршілік пен қозғалыс платформасы арқылы халыққа ләззат сезімін сыйлау», - деді компанияның атқарушы директоры Кевин Майер.

«Tik Tok әлемді жаулады, бірақ ешкімге жау емес», - деді ол.

Ал америкалық Microsoft компаниясы Tik Tok қосымшасына иемденуге ниетті. Желіні сатып алу жөніндегі келісімдер жуырда басталып, 15 қыркүйекте аяқталуы тиіс еді. Алайда Трамптың көзқарасынан соң келісім жүргізілмейтін болды.