Қоғам

«Адамдардың табысы азайып, кедейленіп жатыр» - Бақытжан Сағынтаев

Бақытжан Сағынтаев адамдардың кедейленіп жатқанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пандемия салдарынан құлдыраған қала экономикасы тез қалпына келеді деген үмітте. Оның айтуынша, коронавирус тарап, карантин жарияланғандықтан сауда, транспорт, кәсіпкерлік салалары құлдыраған.

Сағынтаев Алматыдағы жалпы ахуал, экономикалық жағдай, жастарды жұмыспен қамту жайлы көптеген сұраққа "Алматы" арнасына берген сұхбаты барысында айтты.

"Біз болжам жасадық, егер қазір барлығын ашып, бұдан былай (карантин) болмайды деп үміттеніп отырғанда осындай жағдайға қайта оралсақ, бұдан да жаман болады, экономика мұндай салмаққа төтеп бере алмайды.

Менің ойымша, экономика тез қалпына келеді. Біз жұмыспен қамтудың барлық бағдарламаларын ұсынамыз, оны пайдалану қажет. Бұл мәселе бізді өте қатты алаңдатады. Біз бұл мәселені күн тәртібінен қалдырмаймыз.  Бұл - үлкен мәселе. Себебі, бұл тұрғындардың өмір  сүру  деңгейі, адамдардың табысы азайып, кедейлену жүріп жатыр, мұны мойындауымыз керек. Қазір ең бастысы - шағын кәсіп иелері жұмысшыларын қайта жұмысқа алып, істері жандануы үшін оларға қолдау көрсетуіміз қажет. Бастысы - олар табыс табуы керек", – деді әкім.

Сондай-ақ шаһар басшысы азық-түлік бағасының барлығын қадағалау мүмкін еместігін айтты.

Skifnews.kz