Әлем жаңалықтары

Қытайда 21 көлік жер астына түсіп кетті

Көліктер жес астында

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың оңтүстік-батысында асфальт опырылып, бірнеше секундтың ішінде 21 көлік жер астына түсіп кетті, деп хабарлады елдің мемлекеттік ақпарат құралдары, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәрсенбіге қараған түні болған оқыс оқиға бақылау камерасына түсіп қалған. Роликтен сауда орталығының жанына тұраққа қойылған көліктердің үлкен шұңқырға құлап кеткен сәтін көруге болады.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, Янцзы өзені ағып өтетін Сычуань провинциясында нөсер жаңбырдың салдарынан су тасқыны маусымы басталды.