Қоғам

Мұхтар Шаханов қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Шаханов үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қазір өте күрделі кезең. Ел болған соң әртүрлі жиындар, тойлар болып жатыр. Солардың бәріне қатыса берудің қажеті жоқ» деді ақын Мұхтар Шаханов. Ақн корнавирус індетіне байланысты қазақстандықтарды той-томалаққа бармауға шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінде елімізде жүріп жатқан коронавирус індетіне байланысты әрбір адам бойындағы құндылықтардың барлығы өзгеруі керек. «Сақтансаң сақтаймын» деген. Сондықтан мүмкіндігінше үйде болыңыздар», – деді ақын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мұхтар Шаханов дәрігерлердің қамқорлығының арқасында аман-есен үйіне оралғанын жазған едік. Шілде айында ақынның өкпесі қабынған еді.