Қоғам

Аз қамтылған отбасыдағы әр балаға 40 мың теңгеден беріледі

Аз қамтылған отбасыдағы әр балаға 40 мың теңгеден көмек көрсетіледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтанда аз қамтылған отбасыдағы әр балаға 40 мың теңгеден беріледі. Бұл ақпарат туралы педагогика қызметкерлерінің тамыз кеңесінде елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  

«Тағы бір маңызды тақырып - отбасыдағы балалардың жағдайы. Жыл сайын жалпыға міндетті орта білім бағдарламасы бойынша мұқтаж оқушыларға материалдық көмек көрсетіледі. Өткен жылы аз қамтылған отбасылардағы әр балаға 30 мың теңге мөлшерінде көмек көрсеттік. Ол көмекті 12 700 бала алды», - деді қала басшысы.

Әкімнің айтуына қарағанда, осы жылы бұл мөлшер 10 мың теңгеге арттырылып 40 мың теңге болған. Алдағы уақытта көпбалалы отбасыда 4 бала болса, 160 мың теңге, 3 бала болса, 120 мың теңге материалдық көмек болады.

«Әрине, бұл қазіргі жағдайда, жұмыс тоқтап, шағын бизнес тарапынан 60 млрд теңге бюджетке түспей қалған кезде қиын. Бірақ соған қарамастан біз, әсіресе, аз қамтылған отбасыларды қолдауды жалғастырудамыз. Алайда қазақтың жалпақ тілімен айтқанда «судың да сұрауы бар». Өйткені ата-аналар қаражатты қолға беріңдер деп жатыр. Біз де соны қаладық. Бірақ заң бойынша олай жасай алмайды екенбіз. Себебі Үкімет қаулысында ол қаражатты жұмсаудың нақты мақсаты көрсетілген. Ең алдымен балаларға мектепке қажетті киім-кешек, мектеп заттарын алу керек. Мемлекеттік бюджет болғаннан кейін әрбір тиынның есебін беруіміз керек. Соны түсіндірдік, ата-аналар түсінді», - деді Алтай Көлгінов.