Қоғам
Олардың толық аты-жөндері жария болды
Тізім комитеттің сайтында жарияланды, оны мына жерден көруге болады.
"Қазіргі уақытта олардың салық бойынша жалпы қарызы 263 845 620 теңгені құрап отыр. Осы соманың негізгі қарызы – 166 150 674 теңге. 97 694 946 теңге – есептелген өсімпұлдар", - деп түсіндірді мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Антирейтингте Алматы қаласының тұрғыны көш бастап тұр. Ол төлеуі тиіс көлік салығының жалпы сомасы 11 миллион теңге жуық, оның ішінде 6 314 141 теңге – негізгі қарыз, өсімпұл – 4 618 660 теңге.