Қоғам

Той жасағандар туралы хабарлағандарға ақша төленбек

БҚО-ның әкімдігі той жасағандар туралы хабарлаған тұрғындарға ақша төлемек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары егер де той немесе садақа ұйымдастырылғаны туралы құзырлы органдарға хабар беретін болса, оларға ақша төленеді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Той туралы хабарлаған адамға ақша төленетіні туралы хабарды өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді.

"Біз түрлі мерекелік жиын өткіздер жайлы айтқандарға қосымша сыйақы тағайындау туралы бастама көтеріп отырмыз. Біреулер бұны сөз тасу деп қабылдауы мүмкін. Алайда бұл - қате түсінік. Бұл әрекет қоғамға пайдалы іс болмақ. БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін қадағалау қызметіне немесе полицияға хабарлассын. Біз сол үшін ақша төлейміз. 130 мониторинг тобы күні бойы тексеріс жұмыстарын жүргізумен айналысады. Арнайы комиссия той жайлы хабарлағандарға қанша ақша төленетіні жайлы шешім шығарады", - деді Ғали Есқалиев.

Қазіргі таңда бұл бастаманы жүзеге асыру үшін, тіпті, әкімдіктен ақша бөлінген.