Әлем жаңалықтары

Қытайда жойқын жарылыс болды

Қытайда жарылыс орын алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Чжухай қаласында қонақүйде жарылыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген фото мен видео тарап жатыр. Ол жерден қонақүйдің бірінші қабаты зақымданғанын көруге болады.

Төтенше оқиға туралы ақпарат 11 қыркүйек Бейжің уақыты бойынша таңғы 9-да (Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 7-де) түсті. Жарылыс болған жерге 11 өрт сөндіру көлігі жетті,. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Жұма күні таңертең болған жарылыс салдарынан үш адам жарақат алды. Таңғы 10 шамасында өрт сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады CGTN телеарнасы.

Қазіргі уақытта құтқарушылар зардап шеккендерді үйінді астынан шығарып жатыр.