Қоғам

Apple презентациясы қандағы кислород деңгейін бақылайтын сағат шығарды

Apple компаниясы жаңа өнімінің дәстүрлі презентациясын өткізді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Apple компаниясы жаңа өнімінің дәстүрлі презентациясын өткізді. Перезентация барысында жаңа iPhone 12 смартфоны көрсетілмеді. Алайда нарыққа “ақылды” сағат шығатынын мәлімдеді. Оның ерекшелігі сол, әлгі сағат қандағы кислород деңгейін бақылай алады екен.

Биыл компания iPhone 12 смартфонын шығаруға асыққан жоқ, оған себеп әлемдік пандемия еді. Бірақ ең табысты әрі сәтті өнімін қыркүйекте өтетін презентацияда таныстыратынын мәлімдеген.

Сонымен Apple Watch Series 6 сағаты қандағы кислород деңгейін бақылай алатын күшке ие. Мұндай идеяның тууына Covid-19 вирусының таралуы әсер еткен. Вирус жұқтырған адамның иммунитеті әлсіреп, қандағы кислород деңгейі жиі төмендеп кетеді. Ал сағаттың көмегімен кислород деңгейін бақылап отыра алады.

Медицина мамандары не дейді?

Apple мәліметінше, смарт сағат адамдардың денсаулығы үшін жасалғанымен, медицинаға арналмаған.

“Ақылды” сағатты Apple-дан бөлек Samsung, Huawei, Fitbit компаниялары да шығарған, әрі тәжірибеден өткен. Алайда медицина мамандары бұл электроника кәсіби құрылғыны алмастыра алмайтынын жеткізді. Әрі сағатты абайлап қолдану керектігін де ескертті.

Сәуірде The Verge сайты қандағы кислород деңгейін бақылайтын смартфондар жайында зерттеп, нәтижесімен бөліскен. Жұмыс авторлары, яғни Алабама университетіндегі ғалымдардың сөзінше, жаңа технологияның қауіпті тұстары да бар. Себебі кей жағдайда смарт-сағат дұрыс деңгейді көрсетпей қалуы әбден мүмкін.

Кислород деңгейі адамның қолы немесе саусағы арқылы анықталады. Егер қанда ауа жеткілікті болса, гемоглабин инфра қызыл сәулеге енеді, ал аз болса, қызыл сәулелер көріне бастайды.

Apple компаниясы айтқан тағы кезекті мәліметтерге сүйенсек, қандағы кислород деңгейі төрт түсті кластер мен төрт фотодиод арқылы көрсетіледі.

Компания жаңа ақылды сағаттың балаларға арналған түрін де ұсынбақ. Әрі бағасы да арзан болады дейді. Оның ерекшелігі, бала мектеп немесе туысының үйі секілді таныс жерлерге барса, ата-анаға бірден белгі келеді.

Сонымен қатар, жаңа сағат арқылы айфон құрылғысына байланған телефон нөмірін де пайдалануға болады.

Apple Watch Series 6 құрылғысының өзге де ерекшеліктері жайлы...

-ұшу барысында биіктік өзгерісін бақылайтын қосымша (высотомер) бар;

-Fitness+ фитнеске арналған қызмет.

Бұлардан бөлек компания A14 процессоры орнатылған жаңа iPad Air құрылғысын таныстырды. Оның ерекшелігі, құрылғының белсенділігі, энергиясы жоғары.