Шымкент

Абай ауданы: Кәсіпкерлік нысандарға әкімшілік хаттама толтырылды

Мобильдік топ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының аудандарында құрылған мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуына ұдайы мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Абай ауданы бойынша мобильдік топ "Жолдас ата" кафесін карантин талаптарын сақтамағаны үшін нысан иесіне әкімшілік хаттама толтырды.

Сонымен қатар, "Алаш" базарында орналасқан дүкендер мен асханаларға карантиндік талаптарды сақтауы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мобильдік топ базар әкімшілігіне карантин талаптарын қатаң сақтау бойынша ескертулер жасады.

Абай ауданы әкімдігі адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде және қызмет көрсететін мекемелерде міндетті түрде бетперде тағып, карантин талаптарын сақтауға шақырады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы