Әлем жаңалықтары

Қытай Қазақстанмен денсаулық қауымдастығын құрады

Денсаулық қауымдастығы құрылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай, Ресей, Қазақстан, Моңғолия және Қырғызстан пандемияға қарсы денсаулық қауымдастығын бірлесіп құруға келісті, - деп хабарлайды Central Asia Media.

Бұл туралы Қытай мемлекеттік кеңесінің мүшесі және сыртқы істер министрі Ван И Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің сыртқы істер министрлерімен кездесуде мәлімдеді.

Шешім төрт елдің сыртқы істер министрлерімен вируспен күресу үшін пандемияға қарсы ынтымақтастықты нығайту туралы пікір алмасқаннан кейін қабылданды.

Ван Идің айтуынша, елдер пандемия басталғалы бір-бірін тиімді қолдап келеді. Енді министрлер төрт салада шаралар қабылдауға келісті.

Біріншіден, бес ел пандемияға қарсы ынтымақтастықты нығайтады, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен оның үйлестіруші рөлін қолдайды және пандемияны саясаттандыруға және вирусқа географиялық белгі беруге бағытталған кез-келген әрекетке қарсы болады.

Екіншіден, олар пандемияға қарсы жетістіктерді біріктіреді және кеңейтеді.

Ван И Қытай пандемиямен күресу үшін материалдар сатып алу, мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу және дәрі-дәрмектерді әзірлеудегі ынтымақтастық, сондай-ақ мүдделі тараптармен байланыс тетіктерін құруды жеделдету сияқты басқа елдерге өз мүмкіндіктері шегінде көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екенін айтты.

Үшіншіден, олар вакцинаны әзірлеу, өндіру және сатып алу саласындағы ынтымақтастықты белсенді түрде ілгерілетеді.

Төртіншіден, олар дәстүрлі қытай медицинасында бірлесуге күш салады, өйткені Қытай халық денсаулығы үшін әртүрлі елдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында дәстүрлі қытай медицинасын қолдануға дайын.

Tengrinews.kz