Әлем жаңалықтары

Зеленский мәлімдеме жасады: Украинада коронавирустың екінші толқыны басталды ма?

Зеленский Украинада коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский елде коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Владимир Зеленский қазір Украинада байқалған науқастардың өсу қарқыны коронавирустың екінші толқынын көрсетеді деп санайды.

Президент індеттің алғашқы толқыны кезінде көктемде елде тәулігіне 100-ден 300-ге дейін жағдай тіркелгенін атап өтті. Ал қазір күніне 3000-нан аса жағдай тіркеледі екен.

Сондықтан Зеленский шетелдіктерге кіруге тыйым салу туралы шешім дұрыс деп санайтынын жеткізді.