Қоғам

Қазақстанда кедейлер саны күрт артты

Елімізде күнкөрісі төмен тұрғындар саны 5,7%-ға артқан.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жағдайы төмен халық көп шоғырланған аймақтар Finprom басылымының дерегінше, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тіркелген.

2011 жылдан бері дәл мұндай көрсеткіш болмаған. Мұны сарапшылар елдегі экономикалық белсенділіктің төмендеуінен екенін түсіндірді. Оның үстіне, коронакризистің кері әсері ел экономикасын айналып өтпеді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың екінші кварталында Қазақстанда жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 32,6 мың теңгені құраған еді.

Жалпы алғанда төмен табыспен күн көріп отырғанда саны 1,1 миллион адамды құрады. Әдеттегідей ауыл мен қала тұрғындарының арасындағы айыомашылық та байқалады. Мәселен, ауылдық аймақтарда жағдайы төмен тұрғындар 7,8%-ды құраса, қалада 4,2%-ды құраған.

Әр аймақтағы кедейлік көрсеткіштері төмендегідей:

Түркістан облысы – 12,8%

Солтүстік Қазақстан облысы – 7,4%

Жамбыл облысы – 6,9%

Қызылорда облысы – 6,9%

Ақмола облысы – 6,7%

Жалпы алғанда, аты аталған бес аймақта кірісі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындар 481,8 мың адамды құрады.

Республикалық деңгейдегі екі қаланың да жайы алаңдатарлық. Алматы қаласындағы күнкөрісі төмен халық 6,2%-ды құраса, Шымкент қаласында 6,4%-ды құрады.