Қоғам

Атырау облысында бірнеше қабір қиратылды

Оқиғаға не себеп болғаны анықталып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысы Қызылқоға ауданында қабірлер қиратылды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 27 қыркүйек күні болған. Белгісіз біреулер Мәтен қожаның және тағы 12 қабірді талқандады. Олар қасиетті жерлерге келетін жолаушыларға арналған үйді өртеген.

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков аудан тұрғыны ұсталғанын хабарлады. Ол киелі жерге қарайтын қызметкердің туысы болып шықты.

"Ауыл тұрғындары шошып отыр. Мұндай ешқашан болған емес", - деді аудан әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, оқиғаға не себеп болғаны анықталып жатыр.