Қоғам

Тоғыз адамның өлімі: Атырауда жантүршігерлік апат болды

Атырау облысында жол апатынан тоғыз адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысында жол апаты салдарынан тоғыз адам қайтыс болды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Атырау-Ақтөбе тасжолында Renault Duster және Geely көліктері соқтығысып, екі жүргізуші мен барлық жолаушылар көз жұмды. Тоғыз адам қайтыс болды. Олардың аты-жөні анықталып жатыр", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Тәртіп сақшыларының мәліметіне сәйкес, жол апатының 96 процентінде жүргізуші кінәлі болады.

"Жүргізушілер жылдамдықты асырып, қауіпті және тыйым салынған жерлерде басқа көлікті озбақ болады. Салдарынан апатқа ұшырайды", - деді министр.

Ол министрлік статистикасы бойынша көлікті бір жылдан аз жүргізетіндердің апатқа себеп болу көрсеткіші тек 1,8 % шамасында екенін жеткізді. Қалған апаттар тәжірибелі жүргізушілер кесірінен болады.