Әлем жаңалықтары

Әблязов Францияда сот бақылауында

Мұхтар Әблязов 7,5 миллиард доллар жымқырды деп айыпталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұхтар Әблязов Францияда Қазақстан қозғаған қылмыстық іс бойынша 7,5 миллиард доллар жымқырды деп айыпталды. Қазір ол сот бақылауында. Бұл туралы бұрынғы қазақстандық банкирдің адвокаты Жерар Чолакян айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Адвокаттың айтуынша, Францияда саяси баспана берілген Аблязовқа "қылмысты ауырлататын жағдайларда сенімге қиянат жасады" және "ақшаны жылыстатты" деген айып тағылған.

Сондай-ақ адвокат Париж прокуратурасы Қазақстаннан шағым хат алғанын айтты.

Мұхтар Әблязовтың өзі дүйсенбі күні тұтқындалып, екі тәулік түрмеде отырғанын мәлімдеді. БАҚ мәліметінше, банкир кейінірек босатылды және қазір сот оны бақылауға алды.

Айта кетейік, Қазақстанда Әбілязов БТА Банкінен 7 миллиард доллар ұрлағаны үшін 20 жыл, ал 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Оған қоса, Әбілязовты Ресей мен Украина да ұрлық жасады деген күдікпен іздестіріп жатыр.

2008-2016 жылдар аралығында Мұхтар Әбілязовтың шетелдік банктердегі шоттары бойынша 666 миллион долларға 73 операция жасалды. Әблязов шоттары бойынша 73 транзакцияның 14-ін банктер күдікті деп белгіледі. Осы кезеңде Әбілязовқа барлығы 27 банктегі шоттар тиесілі болды.