Қоғам

Елімізде «Рамстор» дүкендер желісі жабылып жатыр

Қазақстанда «Рамстор» супермаркеті жабылып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Рамстор" супермаркеттер желісінің құрылтайшысы еліміздегі дүкендерді жабу туралы шешімін айтты. Оның айтуынша, Алматыдағы Ramstore All In ғана жабылмайды. Migros Ticaret A.Ş. компаниясының жоспары туралы Ыстамбұл қор биржасында айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, осы жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша компанияның жиынтық сатылымының шамамен 0,8 пайызын "Рамстор Қазақстан" құрайды.

"Компанияның өсім және нарықтағы жағдайға шоғырлану стратегиясына байланысты "Рамстор Қазақстан" бөлшек операцияларын қайта бағаладық. Қазақстанда жұмыс істейтін бір дүкенді беру және алты дүкенді жалға беру, сондай-ақ бұл дүкендердегі жабдықтар мен тауар қорын сату туралы келіссөздар басталды. Аталған дүкендерді беруді елдің монополияға қарсы органы растау керек", - деді құрылтайшы.