Қоғам

Атырауда да карантин ұзартылды

Атырау облысында карантин ұзартылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысының бас санитар дәрігері карантинді ұзарту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Қаулы талаптары 12 қазан 00.00-ден бастап жүзеге асырылады. Шектеулер COVID-19-ға байланысты жағдай тұрақтағанға дейін жалғасатын болады.

Қоғамдық орында, қоғамдық көлікте, халыққа қызмет көрсетуге арналған мекеме ғимараттарында, спортпен шұғылданғанда, тамақтану орындарында маска тағу қажет. Далада да бетпердемен жүру міндетті.

Дәмхана мен мейрамханалардың жұмыс уақыты 08:00-ден 22:00-ге дейән қысқартылды. Жабық ғимараттарда 30-дан артық адам отыруға болмайды. Ашық дәмханалардағы келушілер саны 50-ден аспауы тиіс. Арақашықтық - 2 метр. Бір үстелде төрт адамнан көп отыруға болмайды (бір отбасы мүшелері болмаса).

Азық-түлік сатпайтын базарлар кешкі беске дейін ғана жұмыс істейді.

Сауда-ойын сауық орталықтары, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілерінің жұмыс уақыты кешкі онға дейін белгіленді.

Жұмысы уақытша тоқтатылды

- жаттығу залдары, фитнес орталықтар, спорт үйірмелері, спорттық-сауықтыру орындары;

- серуендеу катері (өзен трамвайы).