Мәдениет
Үндістанның Tik-Tok қолданушылары арасында қазақ әні танымал болып жатыр
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҮндістанның Tik-Tok қолданушыларының арасында қазақстандық Бейбіт Қорғанның «Шоқ қыздар» әні танымал болып жатыр,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Үндістан тұрғындарының арасында қазақ әніне 25 мыңнан астам видео түсірілген. Оның бірнешеуін qumash_kz инстаграм парақшасы топтама етіп жариялады.
«Бейбіт Қорған өзінің өнер жолының басында шығарған «Шоқ қыздар» әні үнді Tik-Tok қолданушыларының арасында хитке айналды. Бірақ ол жақта бұл әнді «Шоқ қыздар» емес, Nah na ney деп атайды»,- делінген.
Кейбір деректер бойынша, алғашқы болып қазақ әуеніне Muhammed Roshan атты мотоциклші әртүрлі мотоцикл айдау тәсілдерін көрсетіп бейнеролик жариялаған болатын. Қазіргі таңда бұл қолданушының парақшасында 600 мыңнан астам оқырман бар.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)4 Ноя 2020 в 10:59 PST