Bugin

Tamasha TV телеарнасы орала ма? 

Сүйікті арнамызды жоғалтып алдық. Ойын-сауықтық телеарнаны сағынғандар бар ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Tamasha TV"  телеарнасы – Қазақстандағы алғашқы ойын-сауықтық бағыттағы арна. 

Телеарна 2018 жылдың 1 қыркүйегінде шыққан болатын. Пандемияның кесірінен бұқаралық ақпарат құралдарына да едәуір өзгерістер келді. Яғни, арна 2020 жылдың шілдесінен бастап жұмысын тоқтатты. Бұл жаңалық арна көрермендеріне ауыр тиді деп ойлаймын. Себебі бар болғаны 2 жылдың ішінде телеарна өзіндік аудитория қалыптастыра білді.

Көрермендер дені – жастар. Арнаның тұрақты көрермені болдым десем, өтірік айтпағаным болар еді. Теледидардан көретінім тек осы арна болатын. Жайдарманға деген қызығушылығым да артып жатқан еді. Арнадан беретін әр бағдарламаны жібермей қарауды да әдетке айналдырып  үлгердім.

Арнадан басым көпшілігі жайдарман берілетін.  Әр ойынды қарап, өзіме қажет дүниелерді алатынмын. Әр әзілдің астарында шындық бар болатынына мен келісемін. Жалпы айтқанда арна бағдарламасы маған қатты ұнайтын. Бос уақытымды осы арнаға арнағаннан кейін бе, әйтеуір, бірте-бірте әзіл шығара бастаған едім.

Көңіл-күйді көтеретін жақсы бағдарламаларды тек осы арнадан көре алдым деп ойлаймын. Негізінде осындай арналарды жаппау керек. Керісінше көбейткен дұрыс. Күлкі адам өмірін ұзартады.

Ал шынайы күлкіні осы  «Tamasha TV»  арнасы сыйлай алды деген ойдамын. Пандемия аяқталып, арнаның қайтадан оралғанын қалаймын. Осы ойымды қолдайтындар көп деген ойдамын.