Мәдениет

Қазақстандағы ең қымбат бейнебаян

Қазақстандық шоу-бизнестің рекордын бұзған ең қымбат бейнебаян шықпақшы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көпшілікке NNN (Нұрдәулет Бектұрсын) және Baha Puper (Бақытжан Акпаров) есімімен танымал блогерлер жақында жаңа бейнебаянның тұсауын кеспекші. Олардың «Hi One» (Хайуан) атты жаңа әндеріне түсірілген бейнебаян бұрын-соңды шоу-бизнесте болмаған, ең қымбат бейнебаян деседі.

                          

Nnnurdaylet Instagram-да былай деген еді:

«Ол клипке кеткен ақшаға үй алуға болатын еді».

Еске сала кетейік, қазіргі таңда ең керемет аудандағы Алматылық пәтердің орташа құны 40 млн. тг-ден жоғары.

«Әннің әуені де, сөздері де өзіміздікі. Ең қымбат және ең қысқа уақытта түсірілген клип деген рекордты бұзғымыз келеді. Осы күнге дейін 100 мың доллардай ақша кетті. Түсірілім әлі жалғасып жатыр, ақшамыз әлі кетіп жатыр» дейді блогерлер Той Думан арнасына берген сұхбатында.

Тыңдармандар «Hi One» әніне би билеп, түрлі челлендждер түсіріп жоғары бағалауда. Алайда кейбірі «Музыка сендердікі емес, блогер боп жүре берсеңдерші», «дым қызық емес» деген де пікір білдіріп жатыр.

 

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін