Мәдениет
Халық арасында өте танымал NNN (Нұрдәулет Бектұрсын) және Baha Puper (Бақытжан Акпаров) «Hi One» (Хай Уан) атты жаңа әндеріне түсірілген су жаңа бейнебаянның тұсауын кесті
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТанымал инста жұлдыздар NNN (Нұрдәулет Бектұрсын) және Baha Puper (Бақытжан Акпаров) «Hi One» (Хай Уан) атты жаңа әндеріне түсірілген бейнебаян жарық көрді. Бұл туралы Bugin.kz авторлар платформасы хабарлайды.
Бұрын-соңды шоу-бизнесте болмаған, ең қымбат бейнебаян деп халық көп күткен болатын.
Алайда жігіттер "хайп-хайп" деген айыпқа қалып қойды.
«Ол клипке кеткен ақшаға үй алуға болатын еді» - деген сөзге сенген халық бейнебаянды көргеннен кейін:
"Клиптерден мән кетті, шоу бизнестен сән кетті", "жыл пранкі", "қазақ еліне +1 мағынасыз ән", "мән-мағына чатты тәрк етті", "осы ма сонша күткенім", "әркім өз ісін жасау керек" деген сияқты көптеген көрерменнің сынына батты.
Халық асыға күткен бұл клип 3 сағатта 250 000 қаралым жинады. Бейнебаянда 4500 пікір болса оның 95% пайызы көңілі қалған көрермен. Халықты бір шулатқан бұл бейнебаянға шынында қанша қаржы жұмсалғаны белгісіз, бірақ пікірлерге қарап жігіттердің бұл туындысы сәтсіз шыққанын аңғару қиын емес.