Bugin

ҰБТ-ға арналған лайфхактар мен кеңестер

ҰБТ алынбас асу емес

Авторларды қолдау орталығы

8 800 004 04 20

Дс-Жм 09:00-18:00

Ұлттық Біріңғай Тестілеу уақыты жақындап қалды. Күн өткен сайын қалың ойға салынып, қобалжып жүргенің анық. «Қалай тапсырып шығамын, қай пәнді бірінші белгілейін, жеткілікті балл жинай аламын ба?» деген сұрақтар әрбір жанды мазалайтыны белгілі. Олай болса болашақ түлектерге ҰБТ-ға арналған түрлі лайфхактар мен кеңестерді оқи отырыңыз.

Тестілеу тапсыратын оқушылармен қоса ата-ана да, мұғалімдер де уайымдап, тілекші болып отырады. ҰБТ-ға бір күн қалғанда дайындалудың қажеті жоқ. Демалу керек. Себебі тестілеуде сен бір күндік емес, 11 жыл оқыған біліміңді көрсетесің. Оған дайындық кезең-кезеңімен жүреді. Сондықтан тек біліміңе сен. Қайталағың келген ақпаратты бір қарап шық. Еш уайымдама.

Моральдық емес, физикалық тұрғыдан шаршап ұйықтасаң, таңертең сергек тұрасың. Позитив көп болсын, сонда бәрі жақсы болады. Тестілеуге кіретін заттарың 1-2 күн бұрын дайын тұрсын. Сонда бір күн қалғанда аласапыран болмайды.

ҰБТ-ға кіргенде бастысы сабыр сақтап, артық ойды санадан шығарып тастау қажет. Ең бастысы уақыт. Оны бос өткізіп алмау керек. Әр минутыңды санап, жаныңдағы адамдарға алаңдамай, миың таза кезде сұрақтарды жылдам белгілеп тастаған жөн. Әйтпесе уақыттан ұтыласың. Бірақ асығамын деп алаңғасарлық танытып жүрме. Уақыт қалса, жауаптарыңды тағы бір тексеріп шық. Қағазға аты-жөніңді, таңдау пәніңді бояғанда абай бол. Алдымен қарындашпен толтырып шыққаның дұрыс болады. Тестте тек өзіңе, интуицияңа сен. Пән орындарын, ретін ауыстырып алма.

Бірінші оқу сауаттылығының жауаптарын тапқан дұрыс. Себебі күрделі пәндерден кейін мәтін оқысаң, ми қабылдай алмауы мүмкін. Шатысып қаласың. Екінші, таңдау пәндеріңді белгіле. Себебі ол сенің ұзақ уақыт дайындалып жүрген сабақтарың. Үшінші тарих, төртінші математика сауаттылығы. Бірақ бұл да әр адамның ыңғайына қарай.

Тестілеудегі үш міндетті пәннің бірі – оқу сауаттылығы. Әдетте мәтіндер жеңіл болады, сұрақтары да оңай келеді. Сондықтан оқушылар көбіне оқу сауаттылығын оңай деп атүсті қарайды. Иә, салыстырмалы жеңіл, себебі жауаптың бәрі мәтінде тұр. Мұнда ең бастысы саспай, жан-жаққа алаңдамай, сұрақтарға мұқият жауап беру керек.

Оқу сауаттылығы бойынша нұсқаулық                                                       

  1. Мәтінді соңына дейін дұрыс оқып, факті, аргументтердің астын сызып, түртіп отыру керек. Бастысы ішіндегі негізгі ойды анықтау.
  2. Негізінен логикаға емес, мәтінге сүйен. Жауаптың бәрі мәтін ішінде.
  3. Мақал-мәтел табу керек болады. Сондықтан мәтіндегі түйін ойды анықтау маңызды. Мұнда логиканы іске қосамыз.
  4. Асықпа, жауабыңды тексер, кейін белгіле. Түсінбеген сұрақтарыңа сұрақ белгісін немесе қандай да бір белгі қойып кет. Ешкімнің сөзіне ерме.

Математикалық сауаттылық пәнінің есептері кейде өте күрделі болып көрінеді, бірақ мұқият түсініп оқысаң, жақсылап ойлансаң, оп-оңай болып шығады. Көбіне күнделікті өмірмен байланысты есептер келеді.

Математика бойынша лайфхактар:

  1. ҰБТ-ға бірнеше күн қалғанда әр пәннен негізгі деген 10 формула жазып тоңазытқышқа жабыстырып қоюға болады. Ары-бері өткенде жаттап жүресің, мида сақталады.
  2. Балалар аз уақыт қалғанда шамадан тыс уайымдап немесе асыра дайындалса бүкіл формуланы ұмытып, шатасып қалуы мүмкін. Сондықтан миды тынықтыру керек.
  3. Есепте орнына қою тәсілін қолданса болады. Яғни жауаптарды есептің берілгеніне қойып шығарады. Кейбіреуі логикамен де шешіледі.

 

Автор ретінде тіркеліп ақша табыңыз