Саясат

Демократия мен дәретхана

Америка қоғамы жынысын өзгерткендердің туалет таңдау құқы жайында қызыл кеңірдек болып айтысқанымен, жалпыға ортақ дәретхананың тапшылығына көп мән бермейді екен

Авторларды қолдау орталығы

8 800 004 04 20

Дс-Жм 09:00-18:00

Демократия мен дәретхана

Дәретхананы ең алғаш ойлап тапқан әлгі бізге «Сендерге туалет салуды біз үйреттік» деп міндетсінетін орыс ағайындар емес, байырғы гректер мен римдіктер екен. Оларда екі мың жыл бұрын дәретхана болыпты. Бұл туралы Нью-Йорк Таймс газетінің тұрақты авторы Николас Кристо демократия бесігі АҚШ-тағы дәретхана мәселесін қаузаған «Америка, дәрет сындыру еркіндігі жоқ ел» деген мақаласында жазады. Жазушының дерегінше әлемдегі ең жанға жайлы дәретхана Жапонияда болса, жан саны көп Индияда жүруден қалған автобустар дәретханаға өзгертіледі екен.

Ал Америка қоғамы жынысын өзгерткендердің дәретхана таңдау құқы жайында қызыл кеңірдек болып айтысқанымен, жалпыға ортақ дәретхананың тапшылығына көп мән бермейді екен. Оның зардабын шетелдерден келген саяхатшылар мен қарапайым америкалықтар: такси жүргізушілері, курьерлер, қаңғыбастар, балаларын қыдыртуға алып шығатын ата-аналар тартып отырған көрінеді. Нәтижесінде машина тұрағы, саябақтарда амалсыздан дәретке отыратындар көбейіп, ар-ұждан азабына ұшырап қана қоймай, заңдық жауапкершілікке тартылған. Қонақ үй, кафе, супермаркеттер дәретханасын пайдалану үшін сауда жасауды талап етеді екен.

Американың он үш штатында көшеге дәрет сындыру жыныстық қылмыс санатына жатқызылыпты. Баласын әлеуметтік орындарда "іщә" дегізуге мәжбүр болған ата-аналар баланы қараусыз қалдыру бабымен айыпталса, ересек адамдар бақшаларға жақын қоныстану құқынан айырылып, қайталағандары өмір бойы қара тізімде тұрады екен. Ашынған автор көшеде "іщә" деп қойған бесіктен белі шықпаған балаларға айыппұл салған сақшыларды кофеге тойдырып, дәретханасы жоқ орындарды күзеттіру керек, сонда олар қуығы сыздағанда адамның қандай әрекетке баратынын түсінер еді дейді. Көптеген Америка тұрғыны тап болған жәйіттерді баяндап, дәретхананың бюджет мәселесі ғана емес, адамгершілік мәселесі екенін алға тартады.

XIX ғасырда Америка қалаларында жалпыға ортақ дәретханалар болса, XX ғасырдың басында олар жынысқа бөлінген дәретханалармен толыққан. Кейін қала басшылары қауіпсіздігін қамтамасыз ету құнының қымбаттығын алға тартып (Әлеуметтік дәретхананың нашақорлар мен жезөкшелердің жын ойнағына айлануына алаңдап), жалпыға ортақ дәретханалар азайған. Автор бұл дұрыс қадам болмады, бюджет мәселесін тегін кіруге болатын туалеттер салған кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік жасап, жарнама орналастырып шешуге болатын еді деп қарайды. Сонымен бірге адамдардың экономикалық жікке бөлінгенінің де рөл атқарғанын баса айтады. Орта тапқа барлық есік ашық болса (Ақшасы бар), бірақ жұмыссыз жүрген қара нәсілді жігіт пен қоқыс арқалап жүрген қаңғыбастарға ауыр тимек. Билікке шүйліккен автор иттердің нәжісін бір жайлы етуге жаңа қаулылар шығарып, ақыл-күшін сарп еткен билік адамдардың дәрет сындыру мәселесін де кері кетті.

Демократияшылдар мен республикашылдардың бақылауындағы қалалардағы жағдай бірінен бірі өткен сорақы дейді. Олар қала әкімшілігімен бірлесіп, жұмысты үлкен құрылыстардан емес, дәретханадан бастаса жұмыстары өнімді болмақ. Мақаласын “Президент Байден мырза Сізден өтінерім: бізге көпір, кең арналы интернет қана қамтылған емес, үлкен және кіші дәрет мәселесін шешетін нақты жоба ұсыныңыз" деп аяқтайды.

 

Есбол Үсенұлы

 

Автор ретінде тіркеліп ақша табыңыз