Саясат

Өзбекстан Қазақстанды басып озбақ. Неге?

Өзбекстан - марафоншы, Қазақстан - аралық чемпион

Авторларды қолдау орталығы

8 800 004 04 20

Дс-Жм 09:00-18:00

Мемлекеттің басты байлығы адам екені белгілі. Себебі қоғамның, экономиканың өзегі – адам. Мемлекеттің өндіріс қуаты, сұраныс пен тұтыну деңгейі тікелей адам факторына байланысты. Кейінгі кезде Өзбекстан мен Қазақстанды салыстырушылардың көбеюі екі елдің жан санындағы алшақтықтан туындаған. Соңғы отыз жылда Өзбектердің жан саны екі еселенсе, ал Қазақстанның жан саны өсудің орнына азайып, кеңес кезіңдегі деңгейіне де жетпей қалған.

Жақында Өзбекстан президенті үкіметке баспана құнын 380 доллардан асырмау жайында тапсырма берді. Жері кең, қазба байлығы мол Қазақстан билігі аз халқын баспанамен қамтамасыз ете алмай отырғанда, табиғи ресусы шектеулі Өзбек билігі мұндай әлеуетті қайдан алды?! Жауап өте анық. Өзбекстанның экономикалық қуаты жан санының көптігінде, еңбек күшінің молдығы отандық өндірістің гүлденуіне әкеліп отыр. Инвесторлардың, әлемдік алпауыт компаниялардың Қазақстанды емес, Өзбекстанды таңдауындағы шешуші себеп те осы адам факторында жатыр.

Шетелдік сала мамандары жан саны өсімі тұрақты сақталатын мемлекеттерді алысқа жүгіретін марафоншыға теңесе, жан саны өсімі тұрақсыз елдерді қысқа аралық чемпиондарына ұқсатады екен. Ондай елдердің экономикасы тебінді еңбек күші бар кезде қарыштап дамыса, керісінше болғанда баяулайды екен.

1995 жылы Жапонияның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі Американың бір жарым есесіне тең болса, 2020 жылы 61 пайызындай болған. Германиянікі 2008 жылы Америкамен шамалас 94 пайыз болса, 2020 жылы 71 пайызындай болған. Италиянікі 2008 жылы Американың ішкі өнім көлемінің 84 пайызындай болса, 2019 жылы 51 пайызға түскен.

Мұндағы басты фактор Америкада жан санының өсімі сақталса, Жапония мен Еуропа елдерінің жан саны қартаюға көшкен. Сексенінші  жылдары еңбекке қабілетті қытайлардың орташа жасы – 22 болса, америка азаматтарынікі 30 жас болған. Қазір Қытайда 42 жас болса, Америкада 38 жас екен.

2050 жылға барғанда еңбекке қабілетті қытай азаматтарының орташа жасы 56 болса, амарика азаматтарының 44 жас болады екен. Америкамен сауда бәсекесінде ұтылмау үшін қытай билігі алдын ала қамданып жатқан көрінеді. 2016 жылы жоспарлы туу саясатына өзгеріс енгізуі жан санының қартаюының алдын алып, экономиканы бір қалыпта ұстаудың амалы екен.

Жоғардағы ғылыми негізге сүйенсек, әйелдердің туу көрсеткіші жоғары Өзбекстанды ұзаққа жүгіретін марафоншыға, ал азаматтары «Бейбіт күнде көлік апатынан соғыстағыдай мерт болып жатқан» Қазақстанды қысқа аралық чемпионы деп қарауға болады.

Мектеп оқушыларының ауысыммен оқуы, баспана зары, жастардың шетелге ағылуы, медециналық инфрақұрылымның жаңармауы, әйелдердің зейнет жасын ерлермен теңестіру.

Осының бәрі биліктің халықты сапалы біліммен, арзан баспанамен, кемелді медецинамен қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімдік стратегиясының жоқтығын, қолданыстағы жүйенің тиімсіздігің көрсетеді. Адам капиталының өсуіне мән бермеген мемлекеттің экономикасы импортқа тәуелді болып, ақша сыртқа кетіп, зат бағасы шарықтап, өндірісы әр тараптанудың орнына тұралап, түрлі қоғамдық толқуларға әкелмек.

Есбол Үсенұлы

Автор ретінде тіркеліп ақша табыңыз