Саясат

Ресей Твиттерге тыйым сала ма?

Орыс халқына зияны тиіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

8 800 004 04 20

Дс-Жм 09:00-18:00

АҚШ-тың эякс-президент Трамптың аккаундын мәңгілікке бұғаттап Америкада жалғанды жалпағынан басқан әлем желі алпауыттары Фейсбук пен Твиттер өзге елдерде тұрлі қарсылықтарға тап болуда.

Австралия үкіметі Фейсбукті зияткерлік құқыққа қол сұқты деп айыптайды. Олардың уәжінше, Фейсбук Австралия БАҚ беттерінде жарияланған ағылшын тілді материялдарды салғаны үшін оларға қалам ақы төлеуі керек. Ал Фейсбук бұл талапты орындаудан бас тартып, Австралия арызын тоқтатпаса, онда фейсбукке тіркелген Австралия азаматарының аккаундын бір жолата бұғаттайтынын мәлімдеген.

Ресей мен Твиттер арасындағы дау да шарықтау шегіне жақындап келеді. Твиттер көптеген Орыс акаундына «Биліктің басылымы» қалпағын кигізсе, Путин билігі онымен келіспейді.

"Ақ үй IT-дың мүмкіндігінен пайдаланып барлық салада әділетсіз бәсеке өрістетуде. Твинтердің ешқандай заңдық өлшемі жоқ, акаундтарды мазмұнын сараптамай, қандай ел екеніне қарамай қалағанынша шектеу қоя береді", - деп мәлімдеді  Ресей СІМ-нің баспасөз хатшысы Мария Захарова. 

Ресейдің БАҚ-ты қадағалау құрылымдарының уәжінше, Твиттер бетінде өріп жүрген атыс шабыс, порно, жастарды өлімге еліктіретін материялдардан Орыс халқы қатты зардап шегіп отыр екен. Олар 2017 жылдан бері Твиттерге 28 мың рет залалды мазмұны бар аккуандтарды бұғаттауға өтініш берген. Олар дер кезінде тиісті шара қолданбағандықтан, интернет жылдамдығын баяулатуға мәжбүр болған.

Твиттер бұл айыпты теріске шығарып, теріс мазмұндағы материялдардың автоматты түрде жойылатынын алға тартуда. Орыс билігінің ел аумағындағы твинтердың жұмысына кедергі келтіруі сөз бостандығын шектеу болмақ.

Сарапшылар Путин билігінің Орыс халқының мүдесын қорғауды , ресей заңын құрметтеуды желеу етіп, Твинтерге қысымды күшейтуі оппоцияның әлем желіні пайдаланып, елде саяси өзгеріс жасауынан қорыққандықтан дейді.

Есбол Үсенұлы

 

Автор ретінде тіркеліп ақша табыңыз