Мәдениет

"Романды оқуға кеңес беремін". Кіршіксіз махаббат қана бар

Жүректерге махаббат отын ұялатқан,соғыс кезіндегі өмір жайлы көптеген мағлұмат беретін,қыз баласы мен ер адамына тән қасиеттерді жіктеп көрсеткен «Махаббат,қызық мол жылдар» романын оқымаған адам жоқ шығар,сірә?!

Авторларды қолдау орталығы

8 800 004 04 20

Дс-Жм 09:00-18:00

   

Бұл романды жақын арада мен де оқуға кірістім. Шығарманың қызық болғаны соншалықты,бір деммен оқып бітіргенмін.

«Мен оларды жақсы көрдім. Бірақ олар маған қарамады» деп жазушы романын бастаған. Шығарма кіршіксіз махаббат сезімі арқылы сол кездегі қазақ халқының актуалды мәселелерін ашып, нағыз достықтың қандай боларын, адалдық, патриоттық, адамгершілдік деген сезімдерге щақырады.

Романның Ербол мен Меңтай, Заманкүл, Майра атты басты кейіпкерлерімен оқиғалар желісі қызық суреттеледі. Басты кеіпкерлеріне қысқаша тоқтала кететін болсам:

Ербол – соғысқа қатысқан, іштей ақылды,сабырлылық, момындық,адамгершілділік қасиеттерін бойына сіңірген азамат.

 Меңтай – жас болса да,өз өмірінде көп қиындықты көрген. Кішкентайынан әкесінен айырылған оның соғыс салдарынан енді ағасы қайтыс болды. Баласының өліміне шыдай алмай, анасы да о дүниеге аттанған. Кейінірек Тұмажанның қармағына түсіп қалып, көп уақыт бойы қиналған еді. Ғашығы Ерболмен енді қосылып, өмірінің бақытты сәттеріне жеткенде өмірден озды.

 Зайкүл – ерте бой жеткен, еркек көрсе қылмыңдап шыға келетін қыз. Зайкүл сияқты қыздар соғыс кезінде  болғаны да, қазір де бар екені рас.

 Майра – Меңайдың жан құрбысы. Ақылды әрі көшбасшылық қасиеті бар жас қыз.

Сонымен қатар, романда әзілге жаны жақын Жомартбек, соғыс кезінде бір-бірінен айырыла жаздаған Заман мен Тана да кездеседі.

Мен әр жас ұрпаққа осы «Махаббат,қызық мол жылдар» романын оқуға кеңес беремін. Себебі: автор осы роман арқылы анаға деген құрмет пен отанға деген махаббат деген ұғымдарын ашып көрсетіп,оқырманды тек жақсылыққа жетелейді.

Автор ретінде тіркеліп ақша табыңыз