Мәдениет

Зағип жандарға арналған «Пешенеде» қаһармандық суреттелген

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық ктіапхана ұжымы Рамазан Думанның «Пешене» пьесалар жинағының MP3 аудио форматта тұсауын кесті

Авторларды қолдау орталығы

8 800 004 04 20

Дс-Жм 09:00-18:00

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық ктіапхана ұжымы Рамазан Думанның «Пешене» пьесалар жинағының MP3 аудио форматта тұсауын кесті. Бұл кітапта талантты жазушы, дарынды драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның жаңа жинағына енген «Керей - Жәнібек», «Пешене», «Бейуақ», «Қанатталды», «Кек» атты драматургиялық төл туындылары мен шетел қаламгерлерінен аударған пьесалары топтастырылған.

Автор тарихи, һәм қазіргі тақырыптарға қатар қалам тербейді. Көркем шығармаларда тарихи тұлғалардың ақыл-парасаты, келешекке көз тастар көрегендігі, тереңнен ойлап, кеңінен байлам жасар кемеңгерлігі, ел бастар көсемдігі, сөз бастар шешендігі мен қол бастар батырлықтары айрықша айшықталса, өзімізге етене таныс бүгінгі күн қаһармандарының тыныс-тірлігі мен іс-әрекеттері ерекше суреткерлік шабытпен кестеленген.

Аталмыш іс-шара «Бір ел – бір кітап» акциясының аясында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты кітапхана оқырмандарына қолайлы жағдай туғызып, қазақ әдебиетінің жауһарларын қол жетімді ету. Карантинге байланысты шара қонақтары ZOOM платформасы арқылы қатысты. Шара барысында жинаққа енген «Пешене» пьесасының екінші көрінісі қойылып, көрермен ықыласына бөленді.

Іс-шара кітапхана директоры А. Байұзақовтың сөзімен басталды. Кітапхана директоры өз кезегінде игі бастама жолында ұжымға сәттілік тілеп, бұл шараның маңыздылығын атап өтті. «Сөйлейтін» және Брайль кітаптарын шығару бөлімінен М. Әмірова, Рамазан Думанның өмір баянымен таныстырып, шараның негізгі мақсаты мен ауқымын тілге тиек етті.

Кітапхана ұжымының тұсаукесерге аса жауапкершілікпен қарап, мұқият дайындалғаны көрініп тұр. Себебі, кітапхананың басты мақсаты оқырман мүмкіншілігін ескере отырып,  қажетті материалдарды қол жетімді ету, әрі оқырман үшін қолайлы жағдай туғызу. Ал бүгінгі іс-шара соның бір көрінісі ғана. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана қазақ және әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын нүктелі-бедерлі қаріпте оқырмандарына жылдар бойы ұсынып келеді. Осы арқылы біз оқырмандарымыздың көңіл көкжиегін кеңітіп, қоршаған ортамен байланыс орнатып, әдебиет жауһарларымен таныс болуына септігімізді тигізіп келеміз.

 

Автор ретінде тіркеліп ақша табыңыз