Әлем жаңалықтары

5 сәуірден бастап мектептер мен балабақшалар жабылады

Елде індетті жұқтырғандар саны 70 238 адамға артқан

Авторларды қолдау орталығы

8 800 004 04 20

Дс-Жм 09:00-18:00

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының Telegram каналында жарияланған мәліметке сүйенсек, Францияда 3 сәуірден бастап бір ай мерзімге жалпыұлттық локдаун енгізілген. 

Сондай-ақ, Францияда барлық 96 департаментте сағат 19.00-ден бастап коменданттық сағат енгізіледі. Тұрғылықты жерінен 10 шақырымнан астам қашықтыққа шығуға тыйым салынады.  Жұмыс істейтін тұрғындарына қашықтан жұмыс жасау режіміне ауысу ұсынылды. 5 сәуірден бастап мектептер мен балабақшалар кем дегенде үш аптаға жабылады. Студенттер аптасына бір рет дәрістерге қатыса алады.

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ел тұрғындарын алдағы бірнеше апта бойы қатаң шектеу шараларына дайын болуға шақырды. Бұл туралы ол 2 сәуір күні Пасха мерекесіне байланысты жолдауында  мәлімдеді. Сонымен қатар,  халықты вакцинация науқанына белсене қатысуға шақырды.

АҚШ халқының үштен бірі, яғни 100 миллионнан астам адам індетке қарсы екпенің кем дегенде алғашқы дозасын қабылдаған. Шамамен 58 миллион адамға екпенің екі дозасы егілген. АҚШ-та күн сайын шамамен 3 миллион адамға вирусқа қарсы инъекция жасалады.

Бразилияда бір тәулік ішінде covid-19-дан 2 922 адам қайтыс болған. Елде індетті жұқтырғандардың жалпы саны 70 238 адамға артқан. Эпидемия басталғаннан бері елде SARS-CoV-2 вирусын жұқтырғандардың саны 13 миллионға жуықтаған және 325 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Бельгияда полиция эпидемияға қарсы шектеу шараларын бұзушыларды көзден жас ағызатын газ және су шашу арқылы таратты. Коронавирустық пандемияға байланысты елде көшеде төрт адамнан артық жиналуға тыйым салынған.

Автор ретінде тіркеліп ақша табыңыз