ҰБТ: Ұлы бір күндік төңкерісті бастан өткеру міндет емес

Авторларды қолдау орталығы

8 800 004 04 20

Дс-Жм 09:00-18:00

“ҰБТ” осы үш сөздің басын құрап тұрған атаулы ұғым әркімнің сары уайымға салынып, күйбең күйге тап болуына әкеліп соқтырады. Әсіресе, жеткіншектердің үлкен өмірге басар қадамы берекелі, келешегі келелі сипатты алуы үшін “Ұлы бір күндік төңкерісті”
бастан кешуі міндетті көрінетін тәрізді. Алайда шектік баллдың іргесінен аттап өте алмаған жас түлектің жайы қалай өзгермек? Таңдауын күрт колледж бен кәсіптік техникум жаққа бұрмақ па? Иә, 
бүгінгі мақалада жоғары ұпайға қол жеткізудің сырлары емес, білім сынағынсыз-ақ өз жолын табудың құпиялары жөнінде баяндамақпыз.


11-ші сыныпқа аяқ басқан тәлімгер нендей өткелді өткерерін сезе тұра, оның мәнін толыққанды түсіне бермейді. Бастапқы уақытта ата-ана үкіміне көндіккен қалпы ішкі менінің не нәрсені қажетсінетіндігіне бас қатырмайды. Өмірінде бірде-бір рет шет-жағасымен таныс болып көрмеген заңгер немесе қаржыгер мамандығына қарай ұмтылып, ақыр 
аяғында одан да түңіледі. Неліктен? Өйткені жүрек үнін түріп тыңдаған емес-ті. Тек жақындарының тарапынан табыс көзі тұрақты әрі қауым мүшелерінің баршасына түсінікті саланы таңдап, кеудесінде алаулаған отты сөндіре салуды құп көрген. Осыдан бертін келе «Ұлттық бірыңғай тестілеуде» төмен көрсеткіш иелері күн санап көбеюде. Ал үлкен өмірдің үлкен қиындығымен бетпе-бет кезіккен жандардың ең алғашқы қадамы неден басталмақ? Иә, 1 жылдық қарқынды дайындықты талап еткен сын сағат та өз мәресіне жетті. Тамаша нәтижемен оралған болашақ талапкерлер мәз-мейрам. Ал ойындағысын жүзеге асыра алмағандары бас сауғалап «төте жолды» іздеуде.


Бәлкім, жас түлектің аңсаған арманы тек ЖОО-лар мен ҰБТ көрсеткішімен шектелмейтін болар. Өйткені заман ағымы мүлдем басқа арнаға тоғысты. Қазіргі таңда «мүмкіндік» сөзі әркімнің өз иелігіндегі сиқырлы таяқшаға айналды. Әрине, университеттердің 
студенттерді сөзсіз білікті маман әрі кез келген кәсіп түрінің хас шебері етіп шығаратыны даусыз. Алайда көпшілік сүйікті ісінен пайда табуды үйренгелі бері қабілет пен практика негіздері бүгінгі іскерлердің келбетін долбарлап берді. Бұдан биік мақсатты бағындыру қандай да бір оқу ошағына түсу я түспеу мәселесімен шешілмейтіндігін аңғарамыз. 
Мәселен, әлеуметтің назарын өзіне аударып жүрген блогерлер діттеген мұратты ешбір бөгетке қарамастан еңсеруге болатындығының айқын дәлелі.

Ендеше ұпай саны сенің таным көкжиегіңнің бағасы емес. Ал арман - темірқазығың.

Автор ретінде тіркеліп ақша табыңыз