Bugin

Қазақстанның кей өңірінде күн күрт суытады 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын хабарлады, - деп жазады Bugin.kz порталы «Қазгидрометтің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, Ресейдің Мурманск ауданынан келген циклон қар аралас жаңбыр алып келеді.
- 22 қазанда еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын, көктайғақ болып, жел күшейеді. Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында қарлы боран болып, ауа температурасы түнде - 3 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 2-10 градус жылы - делінген хабарламада.