Редактор бағаны

Жарқын болашақ жолында...

Отансүйгіштік қасиет арқылы халықты тәрбиелеуге бола ма?!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Н.Ә.Назарбаев: "Қазақстанның отан-шылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, дербес мемлекет болуы және өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. 

 Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келеді. Одан "ұлттық патриотизм”, "қазақстандық патриотизм” деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ өсіп келе жатқан жас буындарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн?! 


 Жазбадан патриотизмнің – халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау екендігін аңғарамыз. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші. Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадір қа-сиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қорқыт ата, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, т.б. айтқан болатын. 


 Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеукерек.Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге, әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті.
Қазақ елі -мәңгілік ел.Мәңгілігін алда сақтай алу үшін жас ұрпақ өз елін шексіз сүйетін патриот,еңбекқор,өнегелі болуы қажет.Жарқын болашақтың іргетасының берік болуына Қазақстанның әрбір азаматы үлес қосуы тиіс.Ұрпақ рухы Жадырадай берік болса,қазақ елінің көркейе түсеріне еш шүбәм жоқ.