Редактор бағаны

Әлем бойынша ең қымбат актерлар кім?

Еңбектері тым қымбатқа бағаланғандар кімдер?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Голливуд фильмдері талай актерлардың жұлдызын жақты. Шытырманға толы сюжеттерде кәсіби деңгейде ойнағаны үшін актерлардың  аз сыйақы алмайтындары белгілі.Ал олардың ішінде еңбектері тым қымбатқа бағаланғандар кімдер?

Forbes журналының рейтингі бойынша, “Кек алушылар” фильмінің жұлдызы Роберт кіші Дауни әлемдегі ең табысты актер деп танылды. Ол 2014 жылдың 1 шілдесі мен 2015 жылдың 1 шілдесі аралығында ол 80 млн доллар тапқан.

Екінші орынды қытайлық актер Джеки Чан иеленді.Оның байлығы 50 млн доллар деп бағаланды. Джеки Чан әлемдегі ерекше тұлғалардың бірі. Бір ғасырда бір туатын дарынды актер деп айтсақ та қателеспейміз. Актердің өмірінің өзі қызықты деректерге толы.Анасы Джеки Чанға 11 ай жүкті болыпты. Ақырында ол дәрігерге қаралып, кесір тілігін жасау арқылы босанған. Ал сәбидің салмағы 5 келі, 400 грамм болыпты..Ол 10 минуттық эпизодты 2900 рет түсірген. “Бұл қозғалыс маған ұнамайынша, мен оны мың мәрте қайталап түсіре беремін” дейді актер.

Үшінші орында 47 млн доллармен Вин Дизель, төртінші орында 41,5 млн доллармен Брэдли Купер, бесінші орында 41 млн-мен Адам Сэндлер, 40 млн-мен Том Круз тұр.

Болливуд жұлдыздары Амитах Баччан мен Салман Хан (33,5 млн доллар) жетінші орынға ие болды. Тоғызыншы орында да үндістандық актер Акшай Кумар (35 млн доллар). Топ ондықты 32 млн доллармен Марк Уолберг қорытындылайды.