Редактор бағаны

Ниет болса, бәрі орындалады...

Арманда, мақсат қой!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Қандай маман иесі болсаңыз да, бастысы өзіңіз қалап, таңдау жасаған дұрыс деп білемін. Мамандық таңдауда қателеспеу керектігін болашақ жас дос тереңірек ойланса нұр үстіне нұр. 


Бала кезімде әкем мен ағама таң қалатынмын. Өйткені, екеуі де үйге келген газеттің бір санын қалдырмай мұқият оқитын. Кейде пікір таластырып, ой алмасатын. Ал, ағам болса, оқылған газетті жыртқызбай, әдемілеп тігіп қоятын. Сол кезде: «Бұл кісілер газетке неге сонша құмар, не қызықтырады екен?» деген сұрақ ойыма оралатын.

Тоғызыншы сыныпты бітірген соң, арман қуып, Алматыдағы Заң колледжіне түстім. Үздік бітірсемде, періште пейілмен «журналист болам» деген ой жүрекке маза бермеді.

Сонымен, үміт пен күдік алмасып, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне құжат тапсырдым. Студент атанып, талай ұлылардың табаны тиген қасиетті оқу орнының есігінен имене аттадым. Міне, бала жастан армандаған қалауым орындалды.

Десе де, журналистика саласын меңгеру үшін терең білім, пайым мен парасат, алыстағыны болжай білу, қорыта білу сияқты қасиет керек. Ендігі кезекте ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясатты халыққа түсінікті тілмен жеткізе білу, елдің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі келелі мәселелерді қозғап, қоғамда кездесетін келеңсіз мәселенің бетін ашып, көпшіліктің мұңын мұңдап, кәсібіме адал маман болып шығу міндеті тұр.

Замандастарыма айтарым, Арманда! Мақсат қой! Нәтиже шығар! Жемісін көр!