Bugin
Кентау қаласының әкімі болып Рашид Аюпов тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz порталы қала басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
- «Рашид Аюпов Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.
Аюпов 2021 жылдан бері Түркістан облысы әкімінің орынбасары, оған дейін Түркістан қаласын 2019 жылдан бастап басқарған.
- «Облыс әкімінің өкімімен Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов қызметінен босатылды», - деп толықтырды қала әкімдігі.