Редактор бағаны

Құпиясы көп құстар

Не білесіз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біз жан ұша қорқатын жарқанаттар туралы біз не білеміз? Жарқанаттың көп түрі күндіз де ұша алатынын білесіз бе? 

Жарқанаттар - қолқанаттылар отрядының бір тармағы. «Қолғанат» « сһіго» — «қол» жөне «ріега» — «қанат» сөздерінен алынған. Қолқанаттылар өз ішінде екі топқа бөлінеді: үлкен қолқанаттылар (үлкен жарқанаттар) және кіші қолқанаттылар (кіші жарқанаттар).

Жарқанат түнде аңшылыққа шығады, түнде дыбыстар аз сол себепті оларға эхолакация қасиетін қолданым аң аулау тиімді. Күндіз олар көбінесе ұйқыда болады. Жарқанаттардың көп түрі күндізде ұшады. Жарқанаттардың көбі жәндіктермен қоректенеді. Олар түнде ұшатын жөндіктерге шабуыл жасайды. Кейбір жарқанаттар жемістерді, тозаңдар мен гүл шырындарын да пайдаланады. Кей үлкен жарқанаттар балыңтарды, кеміргіштерді, құстарды, тіпті өздерінен әлсіз жарқанаттардыда жеуі үмкін.

Ұрғашы жарқанат жылына бір рет ұрпақ алып келеді. Жас жарқанаттар әдетте мамырда немесе маусымда туылады. Негізінен, жарқанаттар балаларын топпен өсіреді. Тек кейбіреулері ғана ұрпақтарын жалғыз өсіреді. Жас жарқанаттар 2-4 апта болғанда ұшып үйрене бастайды.

Көп елдерде адамдар жарқанаттарды еттері үшін немесе жай қызық үшін аулайды.

Алайда көбіміз жарқанаттардың өсімдіктерді тозаңдандыруда атқаратын қызметі туралы ұмытып кетеміз. Жарқанаттар көптеген тропикалық өсімдіктер мен ағаштарды тозаңдандырады. Әдетте, олар түнде гүлдейтін, шырышты гүлдерді тозаңдандырады.

Мақаланың соңында сіздерге жарқанаттар туралы қызықты мәліметтер топтамасын бергім келеді:


1. Жарқанаттар 65-100 млн. жыл бұрын диназаврлар уақытында пайда болған, деп тұжырымдайды. (Диназаврлар туралы қызықты мәліметтерді қараңыз)


2. Жарқанат — жалғыз ұша алатын сүтқоректі.


3. Әлемде қан соратын, қанішер жарқанаттар бар. Олар ортаңғы, және оңтүстік америкада тіршілік етеді, және тек жануарлардың қанымен қоректенеді, көбінесе сиырлардың.


4. Жарқанаттардың әлемде 1100 ден астам түрі бар.


5. Жарқанаттардың 50 пайыз түрі жойылу қауіпінде тұр.


6. Жарқанаттар көре алады.


7. Жарқанат-вампирлер — қанмен қоректенетін жалғыз сүтқоректілер.


8. Жарқанаттар суықтан қорықпайды, олар өздерін қанаттарымен жауып алып суықтан изоляцияланады.