Редактор бағаны

Бүгінгі күннің бейнесіне қарап болашақты қалай елестеміз

Жар басында тұрған жастардың тәрбиесі бүгінгі күні талай журналистің қаламына арқау болуда.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ана өмірдің жүрегі, Ана өмірдің тірегі. Ана деген үш ауыз сөздің өзінде қаншама мән, мағына жатыр.  Өмірге шыр етіп келгеннен бастап, аялап алақанымен мәпелеп өсірген анамызға әрқашан, тіптен өмір бойы қарыздармыз деп білемін. 

Арулар - асылдылар, ардақтылар, Өмірдің жылуы болып қалмақ бұлар. Арулар - тіршілікке күре тамыр, Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.- деп мұзбалақ Мұқағали да анаға деген жүрек тербенісін өлең, жырларымен өрнектеген. Бүгінде жастарымыз нысап, рахым, ар-ұят деген ұғымнан алыстап бара жатқан секілді. Ұрпақ көбейтетін асыл аналарымыз азайып бара жатыр. Ертедегі қайсар аналарымыз он, он бестен, тіптен жиырмадан аса бала тапса, қазіргі аналар бір, екі баладан ары аса алмай жатыр. Бұған не кедергі деген сұраққа қай ата-ана болмасын кінәні заманға сілтей салады. Түптеп келгенде бар мәселе ақшаға келіп тіреледі. Сонда баяғының ата-анасы соншама баласын қалай асыраған? Сонау ашаршылықта, ҰОС жылдарында,1986 жылғы жастар қозғалысынан кейінгі 1990жылдары қара қазақтың жағдай тіптен  нашар болған кезде,өз жанының күйін күйттеп,балаларын аштыққа қалдырып кетсе,біздер осы күнге жетпесте едік. Үлде мен бүлдеге оранған анадан гөрі,түтінін түтетіп,шаңырағына береке сыйлаған көп балалы ананың бақыттырақ болатына кім қарсы шығады?Артында өмірін жалғастыратын ұрпағы жоқ,сырты бүтін іші түтін ана біздің елімізге керек пе?Қашан жиырма миллион боламыз деп отырғанда бүгінгі аналарымыздың істеген істеріне қарап көзіңе жас келеді. Қазіргі таңда кәмелекеттік жасқа толмаған бойжеткен қыздарымыздың ар-ұятты ойламай ерте тұрмыс құруы көбейіп бара жатыр.Үй болып шаңырақ көтеріп,бақытты болып жатса,оларға ешкімнің қарсылығы жоқ.Бірақ отбасылық жолы ұзаққа бармай,орта жолда үзіліп,бақытсыз болып жатқандары қанша ма"Үйлену оңай,үй болу қиын"екендігін аруларымыз дұрыс түсіне алмай жүр ау.Ажырасқан екі жас баласын біресе олай,біресе бұлай тартып,бала тағдырын тәлек етіп жатқандарға не айтуға болады? Бұл тек менің мәселем емес,бүкіл қазақтың мәселесі.Құқығымыз тең екен деп қыздарымыз жігіттермен таласа темекі тартып,арақ ішуде.Денесін жартылай жалаңаштап ар -ұят,қызға тән ибалық дегенді ұмытқан бүгінгінің қыздары бәріне пысқыра қарайды.Қазақы қызға тән нәзіктік,ибалықты,жігітке тән ержүректік,тұйықтық,салмақтылықты бүгінгі жастардан көре алмаймыз. Бүгінгі күндегі жастарымыздың өзгеруіне,жаман қылықтарға бой ұсынуына ата-анасы кінәлі ме?Ана баласының сырласы да,мұңдасы да болуы тиіс.Қуанышында қайғысында,бірге бөлісіп,сырласқан анасын бала әрқашан құрметтеп,айтқан ақылын тыңдайды.Ал егер дұрыс тәрбие бере алмай ма,дүниеге ұрпақ әкелмесін?  Шәкәрім атамыздың "Нысап,рақым,ар-ұят табылмаса,өлген артық дүниені былғағаннан"деп бұл ұлағатты сөзі көкеймізге,намыс оттын жағып,алға жетелейді.Бүгінгі қоғамдағы жастарымызға ой салар дүние деп ойлаймын.